«Ауыл ажары - азаматына сын» экспедициясына қатысушылар Батыс Қазақстан облысында болды

«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті «Нұр Отан» партиясымен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Ауыл ажары - азаматына сын» экспедициясына қатысушылар Батыс Қазақстан облысында болып, бірқатар ауылдар тұрғындарымен кездесті.

Экспедиция мақсаты - «Қазақстан - 2050» стратегиясына сәйкес Елбасымыздың ауылды түлету, жаңғырту жөніндегі бағдарламасының орындалу барысымен танысып, оңды тәжірибелерді насихаттау. Сонымен қатар ХХІ ғасыр ауылының бүгінгі келбеті, болашағы, көкейкесті мәселелері, ауыл азаматтарының, кәсіпкерлердің жаңашыл істері, ауылдың  әлеуметтік жағдайы, тарихи орындар, оның қазіргі жай-күйі, туризмді дамыту ісі назарда болмақ.

Экспедицияның келуіне орай «Жайық Пресс» ЖШС-ында журналистер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтіп, онда БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова экспедицияның ауылға назар аударуының маңызы зор екенін атап көрсетті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин бұл бастаманы жергілікті қаламгерлер де қолдайтынын білдірді.

«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлының айтуынша, 1992 жылдан бері жарық көріп келе жатқан аталмыш басылым бұдан бұрын да осындай жобаны жүзеге асырған. Соның нәтижесінде ХХІ ғасыр ауылы қандай болуы керек? деген сауалға толық жауап беретіндей елді мекендер туралы газетте мақалалар берілген. Керемет ауылдар қазір де баршылық. Дегенмен көмек-қолдауға ділгер шалғай елді мекендер де жоқ емес. Республикамыздағы 7232 ауылдың 3750-і аяғына нық тұрса, 2500-і орташа жағдайда, мыңының болашағы жоқ деп есептелінеді. Ауыл жастары қалаға көбірек кетіп, онда негізінен орта жастағылар және қарт адамдар қалып отыр. Ауылға жастарды қалай тұрақтандырамыз, ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігін қалай көтеруге болады - міне, осындай сауалдар төңірегінде мықтап ойланатын, бірігіп қолға алатын шаруалар баршылық. Талай мықты тұлғалардың дені осы ауылдан шыққан. Ендеше, алтын бесік - ауылды бірге түлететін кез жетті.

«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті бас директорының бірінші орынбасары Сәуле Мешітбайқызының сөзіне қарағанда, экспедиция бұған дейін он облысты аралап шыққан, енді бес өңір қалып отыр. Бұдан бес жыл бұрын газет «Ең үлгілі отбасы» республикалық байқауын жариялап, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттаған болатын.  Биыл да осы дәстүрді жалғастырып, «Ең ажарлы ауыл», «Ең үлгілі мектеп», «Ең үлгілі мұғалім», «Ең үлгілі отбасы», «Ең үлгілі кәсіпкер» сынды аталымдар бойынша байқау ұйымдастыру көзделуде.

Экспедиция бұдан кейін Ақтөбе облысына бет алды.

null

null

null

null

null

null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз