Ауыл тұрғындарымен кездесті

Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Тереңкөл ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге еңбек ардагерлері, шаруа қожалықтарының жетекшілері  қатысты.

Кездесуде аудан әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айта келіп, ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлерді тиімді пайдалану, жалға алған жерді  пайдаға жарату төңірегінде әңгімелер қозғады.

Сонымен қатар шаруа қожалықтары жерді жалға алғанда оны пайдаға асыру мәселесі де сөз болды. Бұнымен қоса округ орталығындағы тұрғындардың жеке малдары  үшін  шабындық және жайылым жерлердің  тиісті дәрежеде картада тұру қажеттігі айтылды.

Кездесуде ауыл тұрғыны Амангелді Саматов қойған жер мәселесіне қатысты сауалға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Роллан Сарбупин жауап қайтарды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз