Австралиялық отбасы 2014 жылы болған Malaysia Airlines ұшақтарының екі апатында туыстарынан айырылды

Австралиялық Ирен мен Джордж Барроуздар 2014 жылы болған Malaysia Airlines ұшақтарының екі апатында да отбасы мүшелерінен айырылып отыр, деп хабарлайды The Independent-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат агенттігі.

 Олардың баласы мен келіні биыл көктемде Үнді мұхитында із-түссіз жоғалып кеткен MH370 ұшағында болған. Кейін олардың немересі өзінің күйеуімен бірге 17 шілде күні Украинада апатқа ұшыраған Амстердам - Куала-Лумпур бағытындағы MH17 ұшағы құрбандарының тізіміне енді.

Отбасында осындай қайғыны бастан кешкен қарт жұбайлар БАҚ өкілдеріне сұхбат беруден бас тартып отыр. Айта кетейік, ұшақтың бортында 28 австралиялық болғандығы анықталды. Әуе апатынан қаза тапқан кісілердің тізімінде Ирен мен Джордж Барроуздардың туыстары енген. "Боинг" ішінде жалпы 283 адам болды.

http://baq.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз