Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 10 жылға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 30 қазандағы үкімімен Б.Шахбазова ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 10 жылға жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Б.Шахбазова азаматтық некедегі күйеуімен арақ ішкен. Содан кейін екеуара туындаған кикілжің үстінде ер адамды орамалмен мойнынан орап, буындырған. Ақыры сонымен тұншықтырып өлтірген.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз