Азияның клубтық чемпионатында «Конденсат-Жайықмұнай» жартылай финалға шықты

Филиппинде волейболдан өтіп жатқан Азияның клубтық чемпионатында Оралдың «Конденсат-Жайықмұнайы» жартылай финалға шықты.

«Жайық» волейбол клубының басшысы Шоқан Кеңесовтің айтуынша, ширек финалда Игорь Никольченконың шәкірттері Ирактың «Gas Al-Janoob» («Газ Әл-Жануб») командасын 3:0 есебімен ұтты. Ертең жартылай финалда батысқазақстандықтар Катар немесе Филиппин командаларының біреуімен сынға түседі. Осының алдындағы топтық бәсекеде «Конденсат-Жайықмұнай» катарлықтардан жеңіліп қалған болатын.

Мұндай жарысқа тұңғыш қатысып отырған «Конденсат-Жайықмұнайдың» жартылай финалға шығуының өзі - жақсы жетістік. Бұдан бұрын ел чемпионы «Алматы» осындай клубтық біріншілікте тоғызыншы орынды иеленген еді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз