Балық аулаймын деп суға батып кетті

7 маусым күні Зеленов ауданы Рубежин ауылында сағат 19.40-та балық аулау кезінде 1964 жылғы А.Крепостнов деген азамат Жайық өзеніне батып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, сағат 23.10-да марқұмның денесі суда құтқару қызметінің күшімен (4 адам, 1 техника) өзеннен шығарылды.

Биыл өңірде осымен тоғыз адам суға кетті.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз