БАПКЕРДІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ЖАРЫС

Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауданында балалар мен жасөспірімдер және спорт мектебінің күрестен жаттықтырушысы Ират Қырықбаевтың еңбегі өңір-аймаққа жақсы мәлім.

Ол - күрес өнерінен өрге жүзген көптеген шәкірттің сүйікті бапкері. Жуырда Ират Қырықбаев 60 жасқа толды. Осы күнді ол аудан-ауылдарынан 60-қа жуық ересек балуандар және спорт ардагерлері болып табылатын балуандарды шақырып, аудандық турнир өткізумен есте қалдыруды ұйғарды.

Қазақ күресінен сегіз салмақ дәрежесінің төртеуінде оның өз шәкірттері жеңіс тұғырына көтерілді. Ал ардагерлер арасында 74 келі салмақта Б.Баймурзин (Чапаев), 74 келіден жоғары салмақта Қ.Жалелов (Қабыршақты), «Түйе балуан» атағы үшін белдесулерде Е.Биғазиев (Тайпақ) топ жарды.

Еркін күрестен бес салмақ дәрежесінің үшеуінде де Ираттың бір кездегі шәкірттері І орын алды. Сондай-ақ жаңабұлақтық Б.Орынбасаров «Үздік балуан» аталымын еншіледі.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз