БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Основная информация
Мекенжайы: 
Орал қаласы, Достық даңғылы 215, Ықсанов көш 44/1
Телефон: 
8-(7112) 51-35-31, 8-(7112) 50-98-14, 8 702 830 26 16
E-mail: 

Алимбеков Серік Ахметұлы
Директор, Ветеринария ғылымдарының кандидаты

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:

«Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну».

Батыс Қазақтан инженерлік-технологиялық колледжі қазіргі таңда еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлайтын облысымыздағы алдыңғы қатарлы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.

         Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, 2000 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде негізі қаланды. Колледж 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығып, қазіргі таңда дербес қызмет атқаратын «Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып табылады.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 25 мамандық бойынша мамандар даярланып,білім алушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беруді және білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен  жоғары білікті,  оқытушылар қызмет атқарады.

Колледжде ақылы және мемлекеттік грант негізінде күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша оқушылар білім алады.

Оқу орнында 4 бөлім бар. Экономика және гумантарлық пәндер бөлімі, Экология және биотехнология бөлімі, Техникалық бөлім, Мұнай газ және стандарттау бөлімі.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі білім алушылар қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Еңбек нарығы қажеттіліктерінің қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие, білікті мамандардың кәсіби және тұлғалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында сапалы білім беру қызметін ұсыну» миссиясы негізінде жұмыстар атқарады.

 

КОЛЛЕДЖДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІKТЕСТЕРІ

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде білім алушылар заманауи өндірістік жабдықтармен жабдықталған 60-тан астам өндірістерде, мекемелерде, оқу-тәжірибелік және базалық шаруашылықтарынан тәжірибиеден өтіп,  өздерінің кәсіптік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіншілігіне ие болып отыр. Колледждің әлеуметтік серіктестері белгілі ірі компаниялар «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», «Жайық – Мұнай» «Урал Тех Сервис», «Ізденіс», «Пассажир-Авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,   Батыс Қазақстан ЭЖТК, «Оралагрореммаш», «Қазақавтодор» акционерлік қоғамы, «Батыс Қазақстан Ғылыми зерттеу ветеринарлық станциясы» тағы басқа да ірі өндіріс орындары болып табылады.

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

    Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі әрдайым сапалы біліммен саналы тәрбие берудің нәтижесінде әрқашан биіктерден көрініп жүр. Атап айтар болсақ, 2015 жылы Қазақстандық Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, Республикадағы 800-ден астам колледждердің арасында рейтинг жүргізіп, нәтижесінде Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі көп салалық оқу орындарының ішінен 17-ші орыннан табылды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі жыл сайын Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өтетін «Әлеуметтік-серіктестіктермен жұмысты жүйелі ұйымдастырған колледж» атты облыстық байқауында 2014 жылы 2- орынды, 2015 жылы 3 –орынды, 2013 жылы «Үздік әдістемелік қызмет» атты облыстық байқауға қатысып,  2- орынды иеленді.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген жалпы рейтингте 37 оқу орнының арасынан 4 орынды иеленіп, туристік-өлкетану және экология қызметінің дамуы бойынша кәсіптік колледждер арасындағы 2014 жылдың рейтингісінде облыстағы 38 оқу орнының арасында колледж жүлделі  3 орыннан көрінді. 2015 жылы мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқада міндетті төлемдерді төлеу мәліметтеріне негізделген саралау қорытындысында БҚИТК «Суммарная номинация» критериі бойынша жалпы республика кәсіпорындарының арасында 45, ал Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындары арасында 8 орынға  ие болып, «САЛА КӨШБАСШЫСЫ» атағын алды.

Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі 2016 жылы акредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агентігімен институционалды және 3 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

    Білім алушыларға сапалы білім беріп, оларды бәсекеге қабілетті мамандар етіп шығаруда Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің мүмкіндігі зор. Сондықтан колледждің жетістіктерін одан әрі қарай жетілдіруге Сізде өз үлесіңізді қосыңыз! Біз сізді күтеміз!

Мамандықтар тізімі

шифр

Мамандықтар атауы

 

Біліктілігі

Оқу мерзімі

Бейін бойынша пән атауы

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

0201000

Құқықтану

кеңесші-заңгер

2 г. 10 м.

1 г. 10 м

Основы права

Всемирная история

0516000

Қаржы (салалар бойынша)

қаржы жұмысы бойынша экорномист

2 г. 10 м

1 г. 10 м

Математика

Математика

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

бухгалтер

2 г. 10 м

1 г. 10 м

Математика

Математика

0515000

Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

менеджер

2 г. 10 м

1 г. 10 м

Математика

Математика

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

маркетолог

2 г. 10 м

1 г. 10 м

Математика

Математика

1304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша

техник-программист

3 г. 10 м

2 г. 10  м

Математика

Математика

0902000

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

техник-электрик

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Математика

Математика

1201000

Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

техник-механик

 3 г. 10 м

2 г. 10 м

Математика

Математика

1202000

Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)

техник

 3г. 10 м

2 г. 10 м

Математика

Математика

0601000

Метрология, стандарттау жәнесертификаттау (салалар бойынша)

техник-метролог

2 г. 10 м

1 г. 10 м

Математика

Математика

1511000

Жерге орналастыру

техник

3 г. 6 м

2 г. 6 м

Математика

Математика

0809000

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)

техник-технолог

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Математика

Математика

0801000

Мұнай және газ скважина бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бағыты бойынша)

техник-технолог

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Математика

Математика

0819000

Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

техник-технолог

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Химия

Химия

1513000

Ветеринария

ветеринарлық фельдшер

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Биология

Биология

1514000

Экология және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану (салалар бойынша)

эколог

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Математика

Химия

1505000

Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

техник-рыбовод

3 г. 6 м

2 г. 6 м

Биология

Биология

0802000

Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану

техник-механик

3 г. 10 м

2 г. 10 м

Физика

Физика

1508000

Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшаф құрылыстар (түрлері бойынша)

техник-технолог

3 г. 6 м

2 г. 6 м

Математика

Химия

1224000

Сүт өнімдерінің өндірісі

техник-технолог

2 г. 10  м.

1 г. 10 м.

Химия

Химия

1225000

Ет және ет өнімдерін өндіру   (түрлері бойынша)

техник-технолог

3 г. 6  м.

2 г. 6  м.

Химия

Химия

1216000

Элеватор,  ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі

техник-технолог

3 г. 6 м.

2 г. 6 м.

Биология

Химия

1504000

Фермер шаруашылығы (бейіндерібойынша)

фермер

2 г. 10 м.

1 г. 10 м.

Биология

Биология

1510000

 

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

техник-механик

3 г. 6 м.

2 г. 6  м.

Математика

Математика

1014000

 

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

техник-механик

3 г. 6 м

2 г.6 м.

Математика

Математика

    

Колледжге қабылдау 9-11 сынып негізінде бітірушілерге  колледжде өткізілетін кешенді тестілеу қорытындысы бойынша немесе ҰБТ нәтижесінде  жүзеге асырылады.

 

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:

  • өтініш;
  • аттестат;
  • 3х4 көлеміндегі 4 фото;
  • медициналық анықтама (086-у үлгісі), флюро түсірілімі – міндетті;
  • медициналық анықтама (063-у үлгісінің көшірмесі, күндізгі оқу түрі үшін);
  • медициналық анықтама (025-у үлгісі қалалықтарға);
  • жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі;
  • мекен-жай  анықтамасы

 

Өтінішті қабылдау мерізімі:

күндізгі бөлім үшін 20 маусымнан 20 тамыз аралығы;

сырттай бөлім үшін 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығы

 

Кешенді тестілеуді өткізу мерзімі:

күндізгі бөлім үшін 1 тамыздан 28 тамыз аралығы;

сырттай бөлім үшін 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығы

 

Оқу үшін жасалған жағдайлар:

  • Мемлекеттік білім гранттары
  • Оқу төлемақысын оқу жылы бойынша бөліп төлеу
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту
  • Күндізгі, сырттай оқу түрінде оқыту
  • Компьютерлік бағдарламаларды тереңдете оқыту

 

ZKITK@LIST.RU             http://vk.com/id336540469                                                                                 

Пікірлер

Юрист мамандыгына 2018жылы гран болиндима

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз