Батыс Қазақстан облысында мұнай мен газ қоры табылды

Батыс Қазақстан облысында Оралдан 70 шақырым жерде Рожковское кенішінде мұнай мен газ қоры табылды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Рожковское кен орнында  тас-көмір кезеңіндегі башқұрт шөгіндісінде жаңа мұнай шоғырының табылғанын  айтты.   2013 жылы кен орнының  солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан U-24 ұңғымасында башқұрт шөгінділерінің қабаттарын сынау кезінде  максималды дебиті тәулігіне 1,9 мың  мбб болатын жеңіл, сусыз мұнай және тәулігіне 6 млн. текше фут болатын газдың өндірістік ағымы алынды, бұл штуцерде 24/64 (9,5 мм) тең», - деп хабарлады ҚМГ компаниясының баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, осыған дейін бұл телімдегі барлау жұмыстары бобрик және турней қабатынан көмірсутек іздеуге бағытталған. Тиісінше, Miller and Lents, LTD компаниясы 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қоғамның шикізат қорларын бағалағанда жаңа шоғырдағы қорлар есепке алынбаған.  Осылайша, башқұрт шөгінділеріндегі жаңа шоғырдан шикізат атқылауына байланысты, Рожковское кен орнының қорлары өсуі мүмкін. Қорлардың қаншалықты артатыны алдағы геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша анықталады.

Біздің анықтама. Халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген техникалық аудиттің нәтижесі бойынша Рожковское кен орнындағы ҚМГ БӨ компаниясының 2P санатындағы сұйық көмірсутектер қоры 2013 жылы 5,4 млн. тонна болса, 2013 жылы 7,9 млн. тоннаға дейін жетті. Рожковское кен орнын 2017 жылы қолданысқа беру жоспарлануда. 

Рожковское кен орнында геологиялық-барлау жұмыстарын Федоров блогында көмірсутектерді барлауға жер қойнауын игеруге құқығы бар «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің 100% үлесінің иесі болып табылатын  Ural Group Limited (UGL) компаниясы жүргізуде.  Блок Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында, Орал қаласының шығысына қарай 70 шақырым жерде орналасқан.  2011 жылы ҚМГ БӨ Exploration Venture Limited (EVL) компаниясымен  UGL акцияларының 50% үлесін сатып алу туралы келісім жасасты.  

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз