Батыс Қазақстанда 233,4 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында биыл 233,4 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша соның 34,4 мың шаршы метрі мемлекеттік қолдау есебінен бой көтермек. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына сәйкес биыл республикалық бюджеттен 5965,436 млн. теңге бөлінді.

Бірінші тоқсанда 61,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл - жылдық тапсырманың 26 пайызы. Соның ішінде Оралда жастарға арналған 90 пәтерлік (5,6 мың шаршы метр), Ақсайда 75 пәтерлік жалгерлік (6,5 мың шаршы метр) тұрғын үй іске қосылды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар үшін 15,7 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысына 1416 млн. теңге бөлініп, қазіргі кезде Орал мен Ақсай қалаларында бірнеше үй салынуда. Сондай-ақ жалгерлік тұрғын үй құрылысына (7,8 мың шаршы метр) 626,19 млн. теңге, жас отбасыларға арналған баспана тұрғызуға (10,9 мың шаршы ) 979,6 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен жоспардағы 215 мың шаршы метрдің орнына 247 мың шаршы метр тұрғын үй (114,9 пайыз), соның 46 мың шаршы метрі мемлекеттік қолдау есебінен пайдалануға берілген болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз