Батыс Қазақстанда 24 шетелдік елден шығарылды

Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 24 шетелдік азамат елден шығарылды.

БҚО ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ертас Бисеновтің айтуынша, соның ішінде 17-сі әкімшілік құқықбұзушылықты қайталап жасағаны үшін, жетеуі Азаматтық-процессуалдық кодекстің ерекше өндіріс тәртібімен кетті. Өткен жылы 15 шетелдік осындай кепті киген болатын. Елден шығарылғандардың көбеюі көші-қон полициясы қызметінің жандана түсуіне байланысты болып отыр.

Жыл басынан бері сондай-ақ мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткені үшін (ҚР ҚК 330-бабы 1-бөлімі) 4 қылмыстық іс қозғалып, ол бойынша Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің азаматтары айыпталды.

Өткен жыл соңында көші-қон заңдылығына өзгерістер енгізіліп, жеке тұлғаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібінің жеңілдетілуі оң әсер етіп отыр. Мәселен, биылғы төрт айда ел аумағында заңды түрде еңбек еткісі келетін шетелдік азаматтардың саны 9,6 пайызға (4747-ден 5253-ке) өсіп отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз