Батыс Қазақстанда 3420 түлек ҰБТ-ға қатыспақ

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҰБТ-ға дайындық барысында кезекті байқау сынағы өткізілді.

Оған Тасқала, Теректі және Орал қаласының мектептерінен барлығы 383 шәкірт қатысты. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен және БАҚ өкілдері де келді. Олар оқушылармен бірге емтихан залына кіріп, білімдерін тексерді. Сынақ алдында Б.Мәкен батысқазақстандық шәкірттердің үнемі білім көшінің басында екенін атап өтіп, биылғы түлектерге де сәттілік тіледі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, биыл өңірде 4735 оқушы мектеп бітіргелі отырса, соның 3420-сы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда. Олардың ішінде 219 шәкірт «Алтын белгіге», 98-і «Ерекше аттестатқа» үміткер. Облыстағы 9 тестілеу пунктінде өтілетін сынақтар 1-15 маусым аралығын қамтиды. Қазір мектептерде ҰБТ-ға әзірлік қызу жүргізілуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз