Батыс Қазақстанда ағаштар бүршік жарып жатыр
Орталық Қазақстан өңірі қалың қар мен ақтүтек боранның астында қалды. Салдарынан Елордадан Қарағанды мен Көкшетау бағытына жолдар жабылған. Бірақ елімізде желтоқсанға тән аяз әзірге жоқ. Тіпті Орал қаласында күн күрт жылынып ағаштар бүршік ата бастаған, деп жазады КТК.
«Мен мысалы ес білгелі бері желтоқсанда мұндай күн райын көрмеппін. Бүр жарған өсімдіктердің шығыны көп болмайды деп үміттенеміз. Бірақ, олардың көбі келесі жылы көктейді деп айту қиын», - дейді БҚО экология және биология орталығының бөлім меңгерушісі Таисия Скрипникова
- 171 reads
Жаңа пікірді жазу