Батыс Қазақстанда бірқатар азық-түлік өнімдері арзандады

Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда, бірінші сұрыпты ұн, қара бидай наны, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген нан, вермишель, кеспе, сиыр, қой, жылқы, шошқа, тауық еттері, пияз, қызылша, алма, ашытқы, кептірілген өрік бағасы төмен.  

Алайда, жалпы Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға көтерілген. БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сүт өнімдері - 8,5, тоқаш және ұннан әзірленетін кондитер өнімдері - 9,9, ірімшік пен сүзбе - 13,2, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер - 10,9, күріш - 19,2, темекі өнімдерінің құны 26,2 пайызға өсті.

Есесіне қарақұмық жармасының бағасы - 12, күнбағыс майы 4,8 пайызға арзандады. Сондай-ақ, жемістер мен көкөніс - 4,7, соның ішінде алма - 4,4, жүзім - 24,9, тәтті бұрыш - 30, қияр - 56, қызанақ - 60,5, картоп 4,8 пайызға төмендеді.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз