Батыс Қазақстанда бүгін мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

Батыс Қазақстан облысында бүгін 1143 түлек ҰБТ сынағын тапсырды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, Орал қаласы және Бөрлі, Шыңғырлау аудандарының мектеп бітірушілері сыннан өтті. Облыста барлығы 221 түлек «Алтын белгіден», 98-і ерекше аттестаттан үміткер болса, сәйкесінше соның 84-і мен 40-ы бүгін бақ сынады.

Облыс бойынша халықаралық дәрежедегі олимпиаданың жеңімпаздары ретінде 45 түлек ҰБТ-дан босатылып отыр. ҰБТ сынағы 3 және 4 маусым күндері жалғасады.

Айта кетейік, биыл өңір мектептерін бітірген 4735 түлектің 3420-сы сынаққа қатысуға тілек білдірген.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз