Батыс Қазақстанда дінаралық байланыс тұрақты

2014 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген бірқатар әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша сұралғандардың 88,1 пайызы Батыс Қазақстанда дінаралық байланыстың тұрақты екендігін мәлімдеген.

Бұл туралы бүгін облыстық қазақ драма театрында «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрлердің өзара байланысы» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас жетілдіріле түсуде. Облыста күні бүгін 9 конфессиядан тұратын 71 діни бірлестік, соның ішінде 43 мешіт, 18 православие храмы, 9 протестанттық, 1 католиктік шіркеу, 1 буддийлік ғибадат орны қызмет етуде. Мақсат - Елбасы саясатына сәйкес еліміздегі татулық пен тыныштықты, тағаттылықты орнықтыра түсу.

Жиында қоғамда дінаралық келісімді нығайту үшін қолайлы жағдай туғызу, діни құндылықтар мен халықтық дәстүрлерді насихаттау, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары, этномәдени және басқа бірлестіктердің ықпалдастығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Зайырлылық ұғымына жан-жақты түсінік берілді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз