Батыс Қазақстанда «Орыс моншасы» өртенді

Кеше кешкісін Жайық өзені жағасында, Зеленов ауданы аумағында орналасқан «Орыс моншасының» біреуі отқа оранды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің аға инженері Айымжан Лұқпанованың айтуынша, өрт туралы хабар сағат 19.39-да түскен. Монша және жазғы шатыр жалынға шарпылған. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға №1 және №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінен 5 арнайы техника, 15 адам қатыстырылды. Өрт аумағы 250 шаршы метрді қамтыды.

Қазіргі кезде өрттің себеп-салдары анықталу үстінде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз