Батыс Қазақстанда тағы бір адам суға кетті

16 мамыр күні таңертең Зеленов ауданы Мичурин ауылы маңында суға түсуге болмайтын жерден Шаған өзеніне түскен 1987 жылғы жігіт батып кетті.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Толқын Нұрғуатованың хабарлағанындай, түсте суда құтқару қызметінің сүңгуірлер тобы мүрдені шығарып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне берді.

Бұл - биылғы жыл басынан бергі екінші жағдай. Бұдан бұрын, 11 мамыр күні осы ауданның Қаражар ауылында балық аулау кезінде 1965 жылғы ер адам Деркөлге батып кеткен болатын. Өткен жылы осы мерзімде 4 адамның ажалы судан болған еді.

Соңғы 11 жылда Батыс Қазақстан облысында 332 адам суға кетсе, соның 68-і - балалар.

 

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз