Батыс Қазақстанда тағы екі адам суға кетті

Кеше Батыс Қазақстан облысында екі адам суға кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Зеленов ауданы Петров ауылы тұсында Ембулатовка өзеніне шомылу кезінде 1981 жылғы Р.Қойлыбаев батып кеткен. Оның мүрдесін суда құтқару қызметінің құтқарушылары алып шықты. Сол күні кешке қарай Сырым ауданы Жаңаөңір ауылында Аңқаты өзеніне 1986 жылғы тұрғын батып кетті.

Биыл жыл басынан бері өңірде төрт адам суға кетсе, соның үшеуі Зеленов ауданынан болып отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз