Батыс Қазақстанда үш бірдей ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Батыс Қазақстан облысында биыл Оралға қарасты Зашаған кентінде, Қаратөбе және Сырым аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айтуынша, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мәселен, Зашағандағы кешен құрылысына 248,192 млн. теңге жұмсалмақ. Мұнда кешен іске қосылғанда, мүгедек спортшыларға арналған клуб та жұмыс жасамақ. Қаратөбе және Сырым аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 186,388 млн. теңге беріліп отыр.

Бұдан басқа келесі жылы облыс орталығында бой көтеретін спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау үшін облыстық қазынадан 43 млн. теңге қарастырылды. «Жастар» стадионында көше спорты түрлерін дамыту үшін құрылыс орындарын салу да ойластырылуда.

Биыл сондай-ақ Орал қаласының 5-шағынауданында теннис кортын пайдалануға беру көзделуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз