Батыс Қазақстанда Ұзақ күйшінің кесенесі ашылды (ФОТО)

23 желтоқсан күні Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіне қарасты Ақтұлым мекенінде Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйшінің кесенесі ашылды.

Оның ашылу рәсімінде аудан әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, Ұзақ күйшінің ұрпағы Нұрболат Қазбаев, «Ұзақ күйші» қоғамдық қорының директоры Мұрат Әлжанов сөз сөйлеп, бұл баба есімін мәңгі есте қалдыру бағытында атқарылған игі істің бірі екендігін атап өтті.

Бұдан кейін Қоржын ауылдық мәдениет үйінде «Ұлы даланың тарихы - ұлы халықтың тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, онда ғалымдар, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан тарихы және өлкетану» ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр баяндама жасады.

-Бүгін бір төбенің сыры ашылды. Бір төбенің мәртебесі биіктеді. Бір өшкен шам жағылды. Ақтұлымның алабы аруақтанды. Тарихқа тағзым, өткенге құрмет деген осы. Төбеге қарап тарихын түгендейтін Қаратөбе өңірінің мәртебесі әркез асқақтай берсін, - деді белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова.

Айта кетейік, төкпе күйлердің негізін қалаушылардың бірі Ұзақ Мырзабайұлы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген. Оның бүгінгі күнге «Ұзақ Ақжелең» атты күйі жеткен. Ұзақ күйші Құрманғазыны ел аралағанда, қасына ертіп жүріп, баулыған, өзінің батасын берген.

null 

null 

null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз