Батыс Қазақстанда жасөспірім суға кетті

Кеше Тасқала ауылы тұсындағы Деркөл өзеніне шомылу кезінде сағат 18.00 шамасында 1998 жылғы А.Жұмабаев суға кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, сағат 20.40-та суда құтқару қызметінің күшімен (4 адам, 1 техника) мүрде судан шығарылған.

Бұл - осымен биыл өңірдегі бесінші жағдай. Бұған дейін төрт ересек адам «тілсіз жаудың» құрбаны болған еді.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз