«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік батальон командирі марапатталды (ФОТО)

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында батальон командирлері арасында байқау мәреге жетті.

Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екі күнге созылған сайысқа Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау және Жаңаөзен гарнизондарының алты әскери бөлімінен 15 үздік сардар қатысып, бақ сынады. Олар әскери қарудан нысана көздеуден, дене дайындығынан, тактикалық-әскери пәндер мен жарғыны, басқа да маңызды құжаттарды меңгеруден сынға түсті.

Байқауға қатысушылармен «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов кездесіп, мұндай сынақтардың кәсібилігі біліктілігі жоғары сардарларды анықтап, олардың өсуі мен әскери академияға түсуіне мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Сайыс қорытындысында 6656-әскери бөлімнің атқыштар батальонының командирі, майор Айбек Арыстанбаев «Үздік батальон командирі» атанды. Сонымен қатар 6655-әскери бөлім батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, капитан Омар Қуанышбаев «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары», 6656-әскери бөлім батальонының штаб бастығы, капитан Азамат Нұржанов «Үздік штаб бастығы» аталымын иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлерге диплом, грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

null 

null 

null 

null

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз