Батысқазақстандық ардагер самбошылар 14 алтын медальді олжаладыі

Түркістан қаласында ардагерлер арасында самбодан өткен ел чемпионатынан батысқазақстандықтар 14 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен оралды.

Бұл туралы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Атап айтқанда, жас ерекшеліктеріне қарай өз салмақ дәрежелерінде Мұхамбетжан Төреғалиев (90 кг), Рамазан Нұрмашев (74 кг), Қуаныш Әбуов (82 кг), Теміржан Хасанғалиев (68 кг), Мәлік Төлегенов (82 кг), Ғалимат Жұбашев (62 кг), Рашид Наурызәлиев (74 кг), Сергей Волобуев (74 кг), Қазболат Құрмашев (68 кг), Қайсар Құсайынов (68 кг), Бердіғали Төлегенов (68 кг), Қайыржан Баймағамбетов (68 кг), Талғат Жалмұхамбетов (68 кг), Асқар Нұрғалиев (62 кг) алтын медальді еншілеген.  
Ал Жайсаң Есекенов (100 кг жоғары), Чапай Иманғалиев (62 кг), Ержан Абатов (100 кг), Юрий Красильников (100 кг) күміс, сондай-ақ Айтбай Тастайбеков (100 кг), Тілек Какешев (82 кг), Мұхамбет Жұмқазиев (68 кг) қола жүлдені иеленді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз