Батысқазақстандық ардагерлер Ақтаудан күміс жүлдемен оралды

Ақтау қаласында КСРО спорт шебері Н.Боровконы еске алуға арналған «Ақтау» ВК» қоғамдық бірлестігінің жүлдесі үшін волейболдан ардагерлер арасында өткен турнирден батысқазақстандықтар күміс жүлдеге ие болып, олжалы оралды.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі жарысқа бірінші рет қатысқанына қарамастан, БҚО құрамасы Атырау, Жаңаөзен және «Маңғыстаумұнайгаз» командаларын бет қаратпай ұтты.

Тек финалда тартысты кездесуде алаң иелері - ақтаулық командаға есе жіберді. БҚО құрамасынан шабуылшы Павел Агеев, либеро Болат Бадашев үздік атанды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз