Батысқазақстандық балғын өнерпаз Еуропа жастар дельфийлік ойындарынан күміс жүлдемен оралды

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп шәкірті Әмина Ғайнеддинова Волгоград қаласында өткен Еуропаның жастар дельфийлік ойындарынан күміс жүлдемен оралды.

Аталмыш өнер додасына 25 елден екі мыңға жуық үміткер қатысқан. "Сайысқа 14-17 жас аралы­ғын­дағы және 25 жасқа дейінгі өнерпаздар қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Содан іріктеліп, финалға үш адам ғана өттік. І орынды қырғыз елінен келген Назгүл Иброгимова иеленсе, үшінші жүлде тайландтық өнерпазға бұйырды", - дейді ел намысын абыроймен қорғаған қаршадай қыз. Ол бірінші турда Құмар термесі мен Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші дауысын» шырқаса, екінші турда Махамбеттің термесі «Жылойды» орындады.

Бұдан бұрын да осындай халықаралық өнер байқауларында топ жарып жүрген Әмина Ғайнеддинова - ҚР білім беру ісінің үздігі, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Баян Қабиеваның шәкірті.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз