Батысқазақстандық балуан Е.Ларионова тағы да үздік шықты

Батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова әйелдер күресінен Павлодар қаласында 13-15 маусымда өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 63 келі салмақта Е.Ларионова алтыннан алқа тақса, маңғыстаулық Ольга Калинина күміс, Назерке Әлімбетова (ОҚО) мен Марина Зайцева (Қарағанды) қола жүлдені еншілеген. Ел біріншілігінде БҚО-дан барған тағы бір балуан Нұрлан Бекжанов 70 келі салмақта үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, осы айда Екатерина жастар арасында Азия чемпионы атанған еді. Енді ол көп ұзамай Хорватияда жастар арасында өтетін әлем біріншілігіне қатысады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз