Батысқазақстандық балуан Е.Ларионова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Загреб қаласында (Хорватия) жастар арасында әйелдер күресінен өткен әлем чемпионатында батысқазақстандық балуан Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Екатерина 63 келі салмақта барлығы бес кездесу өткізіп, финалда ресейлік спортшы Любовь Овчароваға есе жіберді.

Еске сала кетейік, Е.Ларионова өткен жылы Будапеште ересектер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз