Батысқазақстандық дуэт халықаралық ән фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды

Атырау қаласында өткен Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» орденінің иегері, белгілі композитор, суретші, өнертанушы Илья Жақанов атындағы I халықаралық ән фестивалінен батысқазақстандықтар олжалы оралды.

Атап айтқанда, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншілері Дастан Есентеміров пен Ернар Өмірәлі дуэті бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды иеленген Атырау филармониясының әншісі Қайрат Кәкімов те - Сырым ауданының түлегі. Сондай-ақ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінен құралған БатысStar квартеті екінші орынға көтеріліп, лауреат атанды.

Аталмыш байқауға ҚР халық артисі Лаки Кесоглу, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәуле Жанпейісова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Еркін Нұрымбетов сынды өнер тарландары қазылық етті.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз