Батысқазақстандық гимнасшы қыз Д.Өтежанованың болашағы зор

Батысқазақстандық гимнасшы қыз, көпсайыстан ҚР біріншілігінің жеңімпазы Дана Өтежанованың болашағы зор. Бұл туралы гимнасшы мен оның бапкері Айжан Мұсабекованы облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қабылдаған кезде айтылды.

Айта кетейік, Дана таяуда Алматы қаласында спорттық гимнастикадан ел кубогі мен чемпионатында бірінші ересектер разряды бойынша көпсайыстан үздік шықты. Тағы екі алтын медальді гимнастиканың жекелеген түрлерінен жеңіп алды.

Айжан Мұсабекованың айтуынша, ел біріншілігінде БҚО намысын №2 БЖСМ мектебінің төрт тәрбиеленушісі қорғады. Дана спорттық гимнастикамен бес жасынан бері айналысады, қазір 12 жаста, бұл - оның алғашқы ірі табысы. Енді ол халықаралық жарыстарда өнер көрсетуді армандайды.

Б.Мәкен жас гимнасшыға спортта сәттілік тілеп, тарту-таралғы табыс етті.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз