Батысқазақстандық каратэші халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Ақтау қаласында спорттың каратэ-до WKF түрінен өткен халықаралық жарыста батысқазақстандық Даниил Титов жеңімпаз атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, турнирге Қазақстан облыстары мен Әзербайжан, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан елдерінен 400-дей спортшы қатысып, бақ сынады. Жарыста төрт мәрте әлем, тоғыз дүркін Еуропа чемпионы, атышулы әзербайжандық Рафаэль Агаев сынды мықтылар татамиге шықты.

Д.Титов 76 келіге дейін салмақта үш қарсыласын, соның ішінде финалда Еуропа чемпионы деген атағы бар әзербайжан спортшысын мерзімінен бұрын, айқын басымдылықпен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Даниил Титов - 2012, 2013, 2014, 2015 жылғы Қазақстан чемпионы, сондай-ақ Азия және әлем біріншілігінің жүлдегері. 

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз