Батысқазақстандық каратэші қыз «Босфор кубогы» халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды

Ыстамбұл қаласында каратэ-додан «Босфор кубогы» ХХVІІ халықаралық турнирі мәреге жетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш бәсекеге Бразилия, Мексика, Ресей, БАӘ, Әзербайжан, Қазақстан сынды жиырмадан астам елдің командалары қатысқан.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен батысқазақстандық Влада Подмарева 68 келі салмақта қола жүлдені еншіледі. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте алғашқы ондықтың қатарына енді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз