Батысқазақстандық өрт сөндірушілер екі әйелді құтқарды

Орал қаласы іргесіндегі Зеленов ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Октябрь елді мекенінде қос қабатты тұрғын үй өртенді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынған мәліметке қарағанда, төрт пәтерлік үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар 8 мамыр күні кешкісін 20.32-де түскен. 60 шаршы метр аумақты қамтыған өрт салдарынан бірден екі пәтердегі заттар мен жиһаздар, қабырғалары мен төбелері жанған. Оқиға орнына мамандандырылған №1 өрт сөндіру бөлімінен қос машина жетіп, өрт сөндіру барысында екі әйел құтқарылған. Олардың бірі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі оқиғаның себеп-салдары, өрттен келген шығын анықталуда.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз