Батысқазақстандық сақшы кикбоксингтен әлем кубогінің иегері атанды

Анапа қаласында кикбоксингтен өткен әлем кубогі жарысында БҚО ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің аға инспектор-мергені, полиция капитаны Андрей Смирнов жеңімпаз атанды.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биыл «А» тобындағы дүбірлі додаға әлемнің 23 елінен 1200-дей спортшы қатысып, сынға түсті. Қазақстандық құрама сапында Андрей 91 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Бұл Андрейдің алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де ол көптеген жарыстарда топ жарған болатын.

Айта кетейік, А.Смирнов өз қызметін де мінсіз атқарып келеді. Оған Елбасы Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғаны дәлел бола алады.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз