Батысқазақстандық самбошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Батысқазақстандық балуан Аида Садықова Сеул қаласында самбодан жастар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 64 келі салмақта боз кілемге шыққан Аида жартылай финалда жапондық балуанмен тең түскенімен, төрешілер жеңісті қарсыласына берді. Бұл салмақта хорватиялық Майя Багович жеңімпаз атанса, жапондық Мегуми Моримото күміс жүлдеге ие болды. А.Садықова ресейлік Аико Римен үшінші орынды бөлісті.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз