Батысқазақстандық шекарашылар елге заңсыз келген 39 шетелдікті ұстады

Жедел іздестіру шаралары барысында Зеленов ауданы Богатск ауылындағы «Погодаев» шекара бекетінде өзбек елінің 39 азаматы ұсталды.

2029-әскери бөлімінің аға офицері, капитан Манарбек Қарекеновтің айтуынша, олар ҚР көші-қон заңдылығын бұзып қана қоймай, жалған құжатпен жүрген. Атап айтқанда, 34 адамның жұмыс жасауға жалған құжаты болған. Іс жүзінде бұл азаматтар бау-бақша өсірумен айналысқан. Олардың үшеуінде көші-қон карточкасы болмаса, 18-інде елде болу мақсаты бұзылған.

Қазіргі кезде 39 өзбек азаматының ісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 394-бабы 3-бөлімі және 396-бабы 4-бөлімі бойынша БҚО ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасына берілді.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз