Батысқазақстандық спортшы қоян-қолтық ұрыстан республикалық жарыста топ жарды

Астана қаласында ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының кубогі үшін қоян-қолтық ұрыстан ІІІ республикалық турнирде БҚО ішкі істер департаментінің қызметкері Темірлан Ихсанғалиев топ жарды.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа ҚР Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, ҰҚК, мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, сондай-ақ жекпе-жектер бойынша республикалық спорттық ұйымдардан командалар қатысты.

ҚР ІІМ құрамында сынға түскен Темірлан 75 келі салмақта бірінші орынды жеңіп алды. Енді ол Перуде алдағы қазан айында өтетін әлем кубогіне қатысады.

null  null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз