Батысқазақстандық түлектер орташа 81,25 балл жинады

Батыс Қазақстан облысында биыл 4735 түлек мектеп бітірсе, соның 3307-сі немесе 69,84 пайызы (өткен жылы - 71,25 пайыз) ҰБТ сынағын тапсырды.

Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық мектеп бітірушілердің орташа балы - 81,25, бұл өткен жылғыдан (78,15) жоғары. «Алтын белгіден» 221 үміткердің 112-сі немесе 50,6 пайызы (2013 жылы - 44,02 пайыз), ерекше аттестаттан дәмелі 97 жастың 27-сі немесе 27,83 пайызы (2013 жылы - 28,3 пайыз) өз білімдерін қорғап шықты.

Облыс бойынша Ақсай қаласындағы №4 орта мектептен Ақмарал Меңдеева мен Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясынан Нұрлан Азаматов ең жоғары 123 балл жинады. 45 түлек ҚР Білім және ғылым министрінің биылғы 23 мамырдағы №172 бұйрығы негізінде халықаралық олимпиада жеңімпазы ретінде ҰБТ-дан босатылған болатын.

Бір ескеретін жайт, 4 маусым күнгі ҰБТ сынағы бойынша апелляциялық жұмыстар қорытындысына сәйкес тестілеу нәтижесі әлі де өзгеруі мүмкін.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз