Батысқазақстандық ұстаздар Ақұштап ақынның шығармашылығы бойынша сайысқа түсті

15 қазан күні Зеленов ауданы Трекин ауылында биыл жетпіс жастың биігіне шыққан ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Өлеңмен өрілген шағала ғұмыр» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық байқауы мәреге жетті.

Облыстың барлық аудандары мен Орал қаласынан іріктеліп келген 12 үміткер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқумен бірге өз жырларын да ортаға салды. Сайыс қорытындысында оралдық мұғалім Бауыржан Зинешев бас жүлдені иеленсе, Ақжайық ауданынан келген Әйгерім Елекешева - бірінші, сырымдық Эльмира Бақтығалиева - екінші, бөрлілік Айдана Ғабдрахим үшінші орынды еншіледі.

Байқауға арнайы келген ақын Ақұштап Бақтыгереева ұрпақ тәрбиесі, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ел бірлігі туралы ойларымен бөлісіп, желтоқсан көтерілісі кезінде Жұбанның ерлігі хақында «Ерлікті көзбен көрген күн» және басқа өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар өнер сайысының жеңімпаз-жүлдегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік, биыл Ақ Жайық өңірінде басталған Ақұштап ақынның тойы жуырда Алатау төрінде, Алматыда жалғасты. Енді мерейтойлық шаралар Астанада ұйымдастырылмақ.

null

null

null

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз