Батысқазақстандық Жансая Мусина аймақтық айтыста жеңімпаз атанды

Атырау қаласында өткен «Тәуелсіз елім бар» атты аймақтық ақындар айтысында батысқазақстандық Жансая Мусина бас жүлдені жеңіп алды.

Бөкей ордасы ауданының түлегі, республикалық айтыстардың жүлдегері Жансая Мусина қазіргі кезде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұстаздық етеді.

Аталмыш жыр додасын «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырған. Онда атыраулықтар Жәнібек Садыров - бірінші, Ерболат Қарағойшиев - екінші, Шалқарбай Ізбасаров пен маңғыстаулық Абай Жолмағамбетов үшінші орынды еншіледі.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз