Батысқазақстандықтар ауған соғысында қаза тапқандарды еске алды

11 қыркүйек күні Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштің орнатылғанына 15 жыл толуына орай еске алу шарасы өткізілді.

Шараға Ұлы Отан және ауған соғысы ардагерлері, марқұмдардың туыстары қатысып, боздақтарды еске алды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, ауған соғысына қатысқан жауынгерлер ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Әсіресе, ол жас ұрпақтың жадында сақталуы тиіс. Осы мақсатта жауынгерлердің есімін мәңгі есте қалдыру ісі жалғасын табатын болады.

Шара барысында соғыс құрбандарының аналары мен жесірлеріне гүл шоқтары мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Қаза тапқандар құрметіне үш дүркін салют берілді.

Айта кетейік, ауған соғысына Батыс Қазақстаннан мыңнан астам адам қатысса, соның 27-сі майдан даласында қаза тапты, біреуі мүлде із-түзсіз кетті.

2

3

4

5

6     7 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз