Батысқазақстандықтар Азиада чемпиондарын құрметпен қарсы алды

Батысқазақстандықтар Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары, ескекшілер Алексей Дергунов пен Андрей Ергучевті құрметпен қарсы алды.

Облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебі және №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары Абай Бақманов пен Қанат Рахметов ескекшілерді жеңісімен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. Олардың бапкері, 1986 жылғы әлем чемпионы Александр Акунишников те ұмыт қалған жоқ.

Еске сала кетейік, Алексей Дергунов Орал ескек спортының түлегі, қазір Шымкентте тұратын Евгений Алексеевпен бірге 1 мың метрлік қашықтықта алтын, 200 метрлік сында күміс жүлдені олжалаған болатын. Ал Андрей Ергучев Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Александр Емельяновпен бірге төрт кісілік байдаркада 1 мың метрлік сайыста үздік шықты.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз