Батысқазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған кроссқа қатысты

Бүгін Орал қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған жұртшылық өкілдері жеңіл атлетикалық кроссқа қатысты.

Жеңіс алаңынан басталған жарыста Достық даңғылы мен орталық Абай алаңына дейінгі қашықтықты 1500-дей адам жүгіріп өтті. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, спорт ардагерлері, студенттер мен оқушылар, журналистер, түрлі салалар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өңірде өз денсаулығын шыңдап, спортпен айналысушылар қатары көбейіп келеді. Бүгінгі жүгіріс - соған дәлел. Салауатты өмір салтын орнықтыру, қалың бұқараны спортқа тарту бағытында мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жеңіл атлетикалық кросста белсенділік көрсеткен жарыс ақсақалы Ғұбаш Абдрахманов, спорт ардагері Софья Шаймарданқызы, ең жас қатысушы Любовь Садовец, Любимкиндер отбасы дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Кросстан кейін қазақ драма театры алдындағы «Бастау» композициясы жанына жасыл шыршалар отырғызылды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз