Батысқазақстандықтарды белгілі әнші Сұлушаш Нұрмағамбетова өнерімен тәнті етті

Батыс Қазақстан облысына өнер сапарымен келген белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова Қаратөбе, Сырым аудандарында және Орал қаласында концерт қойды.

Батыс Қазақстанға келмегеніне жиырма жылға жуықтаған әншінің «Бақыттың жүрмін жолында» атты кешін Ақ Жайық жұртшылығы жылы қабылдады. Сұлушаш Нұрмағамбетова «Саржайлау», «Жақсы көру», «Іңкәрім-ай» сынды қазақ композиторларының кеңінен таралған әндерін орындады. Сонымен бірге әншінің немересі Іңкәр Нұрмағамбетова да әжесімен бірге өнер көрсетіп, көпшілік қошеметіне бөленді.

Сұлушаш Нұрмағамбетова кезінде Өзбекстан, Қытай, Польша секілді шетелдерде гастрольдік сапармен болып, қазақ ән өнерін насихаттады. Сондай-ақ оның репертуарында қырғыз, қарақалпақ, орыс, түркімен халықтарының да әндері бар.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз