«Бекіре-2014»: 5720 келі қара балық және 1010 шаян тәркіленді - БҚО

Батыс Қазақстан облысында «Бекіре-2014» жедел алдын алу шарасы басталған 1 сәуірден бері 7 автокөлік тоқтатылып, рұқсатсыз тасымалданған 5720 келі қара балық және 1010 дана шаян тәркіленді.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үш факті бойынша ҚР ҚК 183-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалса, қалғандары жөнінде мәселе шешілуде. Сонымен қатар заңсыз балық аулауға қатысты 10 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардан 67 келі қара балық, 11 дана ау, 1 жүзу құралы тәркіленді. 

 Қазіргі кезде өңір өзен-көлдерінде уылдырық шашу маусымына байланысты балық аулауға тыйым салынып отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз