Білім ұясындағы ұлағатты жиын

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмыс жүйесі» атты Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өтті.

Алдымен меймандар ақын Қадыр атындағы ұлағат ұясын аралап, мектеп дәлізінде орналасқан фотошежіреге көз жүгіртіп, Қадыр сыныбымен танысты. Мектептің спорт залында өткен «Жіп бойымен» тренингі мектеп ұстаздарының спорттық шеберліктерін сарапқа салды. Оқу-тәрбие процесі барысында ұжым мүшелері практикаға негізделген тренингтерге қатысып, пікір алмасты.

«Критериалды бағалау моделі» атты семинармен жалғасын тапқан шара математика, физика, информатика, жаратылыстану, лингвистикалық және өнер, қоғамдық пәндер бойынша шеберлік сыныптарына ұласты.  

Теориялық білім мен практиканы ұштастыратын «Команда құру және көшбасшылық» семинарының берері мол болды. Action Research – мұғалімнің кәсіби идаму стратегиясы: түсіну және қолдау іс-тәжірибесінде де педагогтар үшін зерттеу жұмыстары көрсетіліп, түпкі мақсат ұжым бірлігінің қалыптасуына негізделді.  

Шараны ұйымдастырушы, Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Шолпан Қадырова келелі кеңестің маңызы зор екендігін атап өтті.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз