Бір мектептен 23 түлек «Алтын белгі» иегері атанды - БҚО

Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектебінің шәкірттері биылғы ҰБТ-да озық көрсеткішке қол жеткізді.

Мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нәсіпқали Дәулетовтің айтуынша, барлығы 35 түлектің 23-і «Алтын белгі», бесеуі ерекше аттестат иегері атанды. Бірнеше түлек 120-121 балл жинаса, мектеп бойынша орташа балл - 115. Жыл сайын республика бойынша алдыңғы орынды иеленетін аталмыш мектептен бірінші рет осыншама түлек «Алтын белгіге» лайық екендігін танытып отыр.

Сонымен қатар Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясының түлектері де үздік нәтиже көрсетті. Мектеп директоры Дариға Мұштанованың сөзіне қарағанда, мұнда 41 түлектің 17-сі «Алтын белгі», алтауы ерекше аттестатқа ие болды. Ең жоғары балл - 123, ең азы - 104.

Өңірде ҰБТ сынағы үш күнге созылып, 4 маусым күні мәреге жетті. Алдын ала мәліметке қарағанда, соңғы күні Орал қаласындағы №17 орта мектеп түлегі Динара Көпболсынова 122 балл жинаса, 2 маусымда Ақсай қаласындағы №4 орта мектептен Ақмарал Меңдеева 123 балға қол жеткізген болатын.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз