Бірлігіміз жарасқан

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінде ұлттар достығын насихаттау, халықты бірлікке шақыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, бейбітшілік пен келісімге үндеу мақсатында бірқатар іс-шаралар оздырылды.

ІІД-нің шағын мәжіліс залында батысқазақстандық полицейлердің Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде арнайы шақырылған шешен-ингуш мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Данильбек Саратов пен БҚО еврей этно-мәдени қоғамдық бірлестігінің  басшысы Ольга Дергачева сөз алып, ынтымаққа, татулыққа шақырды.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 98 ұлт өкілі тұрады.

Облыстық ішкі істер органдарының ұжымында 11 ұлттың өкілі қоян-қолтық қызмет етуде. Олар - қазақ, орыс, украин, осетин, татар, қырғыз, беларусь, кәріс, неміс, өзбек және әзірбайжан ұлтының өкілдері. 

Сондай-ақ ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында тренинг-сабақ ұйымдастырды. Онда 1 мамырдағы бірлік мерекесін қай елде қалай тойлайтыны туралы жалпы түсінік беріліп, слайд-шоулар көрсетілді. Қатысушылардың ішіндегі ұлты қазақ, татар, орыс, украин қызметкерлер өз отбасыларында бұл мерекені қалай тойлайтыны туралы әңгімелей келе, «бір мемлекетте тұрғандықтан  ұқсастығымыз мол екен» деген тоқтамға келді.

Сабақ соңында тыңдаушылар біріне-бірі құттықтау сөздер айтып, ізгі тілектерін білдіріп, өзара тату көңіл-күймен тарқасты. 

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз