Биыл батыс өңірдегі 23 ауылға газ тартылады

Батыс Қазақстан облысында биыл елдімекендерді газдандыруға 3291,5 млн. астам теңге бөлініп отыр.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы қаржыға 12,8 мың халқы бар 23 ауылды көгілдір отынға қосу көзделіп отыр. Биыл сонда барлығы 556,9 мың адам немесе облыс халқының 87,6 пайызы (2013 жылы 543,5 мың адам немесе 86,7 пайызды құраған) газбен қамтылмақ.

Айта кетейік, өткен жылы аймақты газдандыруға 2743,3 млн. теңге бөлініп, игерілді. 269,8 шақырым газ құбыры тартылып, 4,5 мыңнан астам адам тұратын 9 ауылға көгілдір отын жеткізілді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз