БҚО аумағындағы көне ескерткіштерді зерттеу мәселесі бойынша тұңғыш рет мүдделі топтардың басқосуы өтуде

«Жайық Пресс» ЖШС ғимаратының баспасөз-залында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы көне ескерткіштер – ХVІІІ-ХХ ғасырдағы араб жазулы құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша тұңғыш рет мүдделі топтардың басқосуы өтуде.

Басқосу барысында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы көне ескерткіштер – ХVІІІ-ХХ ғасырдағы араб жазулы құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша мүдделі топтар, атап айтқанда «Нұр Отан» партиясы БҚОФ, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС және «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы меморандумға қол қоймақ.

Басқосуды ашып, қош келдіңіз айтқан "Жайық Пресс" ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин шараның мән-маңызын түсіндіріп өтті. 

- Облыстық «Орал өңірі» газетінің 2014 жылғы 11 желтоқсан, бейсенбі күнгі №141 санында «Құлпытасты құрметтеу – ардың ісі» атты мақала жарияланған болатын. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы көне ескерткіштер – ХVІІІ-ХХ ғасырдағы араб жазулы құлпытастарды қорғау, зерттеу мәселесі «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының «Мирас» қоғамдық кеңесінде де көтерілді. Бұл бастама «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратынан қолдау тауып, үш жылдық жоба бекітіліп, оны жүзеге асыру үшін тиісті орындарға тапсырма берілді. 

Негізгі мақсат – облыс аумағындағы араб жазулы құлпытастардың саны мен сапасын түгел анықтап, қаттап, мәтінін аударып, ғылыми айналымға енгізу, жинақтарға жариялау. 

Осы орайда бүгінде Батыс Қазақстан облысының барлық ауданында көне қорымдар мен құлпытастарды зерттеу бойынша жұмыс тобын құрылып, оның құрамына әр ауылдық округтен ескілікті әңгімелерді білетін шежіре қариялар, орта мектептің тарих пәні мұғалімдері, жастар белсенділері, араб жазуын оқи алатын мешіт имамдары, басқа да ықыласты тұлғалар қосылды.

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз